$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.11.2019, 19:25
Оқиғалар

Алматы облысында белгілі психолог жеті жыл бойы Ресей азаматын ақысыз жұмысқа жеккен

Жеті жыл бойы мәжбүрлеп жұмысқа жегілген азамат босатылды

Танымал психолог Алматы облысы Ұйғыр ауданында аң шаруашылығына арналған жерде Ресей азаматын мәжбүрлеп ұстап отырған деген күдікке ілінді. Республика мен ТМД аймағында бизнес-тренингтер өткізуді кәсіп еткен Виктор Гребенников облыс аумағынан 16 мың га жерді жалға алып, аң-құс аулауды да ермек ететіні белгілі болды. Ол 55 жастағы азаматты таудың ішіндегі қыстақта 7 жылдан бері мәжбүрлеп жұмысқа жегіп, жалақы төлемей келген.

Жергілікті тұрғындардан араша сұраған Сергей Тимохин Ресейге қайтқысы келетінін айтады. Алайда, шаруашылық қожайыны оған төлқұжат жасаудың орнына жергілікті полициямен сөз байласып, оны ұзағырақ ұстап отырудың амалын жасаған деген күдік бар.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы облысы

Серіктес жаңалықтары