$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.10.2020, 16:48
Оқиғалар

Алматыда карантин уақытында мейманасы тасыған мейрамханалар анықталды

Алматыда жұмыс режимі бұзылған 49 нысан анықталды

Алматыда карантин уақытында мейманасы тасыған мейрамханалар анықталды
Көрнекі фото: «Нұр-Эль» мейрамханасы

Алматыда қала аумағында карантин режимінің сақталуын бақылау жалғасуда. Қалада құрамында аудандық әкімдіктердің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, «Атамекен» ҰКП өкілдері және Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аудандық басқармаларының мамандарынан құралған 26 мониторингтік топ жұмыс істейді.

Осы жылғы 17-18 қазан күндері жүргізілген мониторинг барысында жұмыс режимін бұзған 49 нысанды анықтады. Карантин шараларын бұзғаны үшін 44 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, Алмалы ауданының мониторингтік тобы 80 адам жиналған «Нұр-Эль» мейрамханасындағы салтанатты, отбасылық іс-шараның өткізілуін анықтап, жолын кесті. Жиынға келген қонақтарға Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулы нормалары жеткізілді, содан кейін қонақтар мекемеден кетті. Сондай-ақ, қызметіне уақытша тыйым салынған нысандар анықталды: компьютерлік клуб, лото клубы, «Место встречи» бильярд орны.

Мониторингтік топ Әуезов ауданында «Диадема» мейрамханасында 100 адамға арналған той, «Амал» дәмханасында 40 адамға арналған жиын, «Керемет» мейрамханасында 60 адамға арналған той өткізіліп жатқанын анықтап, жолын кесті. Оқиға орнында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, уақытша тыйым салынған мекеме — «Ухо и медведь» караоке нысаны анықталды. Ол жерде де адам қарасы көп жиналған.  

Алатау ауданында тәртіп бұзушылық келесі нысандарда анықталды: ТЖО, «Clesar Algabas» моншасы, «Бағдат» дүкені, «Хан» дәмханасы және т. б.

Бостандық ауданында «Ритц Карлтон» қонақүйінің жанындағы мейрамханада салтанатты іс-шара – 45 адамға арналған той анықталды.

Түрксіб ауданында жұмыс істеуге уақытша тыйым салынған нысан — «Атлантис» бильярд клубын анықталды.

Серіктес жаңалықтары