$ 520.91  544.25  5.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.10.2020, 16:10
Оқиғалар

Үржар ауданында күдікті полиция бөлімінде қайтыс болды

Ішкі істер министрінің тапсырмасымен азаптау дерегі бойынша іс қозғалды

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылындағы полиция бөлімінде күдікті қайтыс болды.

Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша ШҚО полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев оқиға орнына барған. Мақаншы ауылындағы полиция бөлімінде 33 жастағы ер адамның қайтыс болғаны расталды, ол мал ұрлады деген күдікке ілінген.

Осы оқиғаға байланысты өңірлік ПД бастығы Сағат Мәдиевтің жетекшілігімен арнайы топ құрылды. Жеке қауіпсіздік басқармасы азаптау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, процессуалдық прокурорлар тобы тағайындалды.

«Барлық қажетті сараптамалар, соның ішінде, патологиялық сараптама жүргізілді, нәтижесі әзір дайын емес.Мен Үржар ауданының әкімімен бірге марқұмның туыстарына барып, оның достары мен жақындары келтірген дәлелді тыңдап қайттым. Олардың да шағымы қарастырылып жатыр. Марқұмның туыстары мен достарына тағы да қайғыра көңіл айтамын. Кінәлілер сөзсіз заңды түрде жазасын алады. Менің ұстанымым - объективті әрі  әділ тергеу», - дейді сағат Мәдиев.

Серіктес жаңалықтары