Жаңатас қаласында түнгі дрифт жасаған жүргізуші жазаланды
Ол дәл жанармай бекетінің жанында көлігін шыр айналдырған
Жамбыл облысы Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 17 қыркүйек күні түнде Жаңатас қаласындағы жанармай құю бекетінің маңында BMW-530 маркалы автокөлікпен авариялық жағдай туғызатын дрифт жасаған жүргізушісі ұсталды.
28 жастағы Алматы облысының тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 606, 590, 620 және 630 баптары бойынша төрт xаттама толтырылды.
«Кейбір жастарымыз қызық көріп, көпшіліктің назарын аудару үшін түрлі заңсыз әрекеттерге барады. Алайда, оның соңы үлкен келеңсіздіктерге, тіпті қайғылы оқиғаларға әкеп соғатынын ескермейді. Қаламызға қонаққа келген BMW автокөлігінің жүргізушісі тура жанармай құю бекетінің жанында дрифт жасап, өте қауіпті әрі өрескел бұзушылыққа барған. Ол - көліктің қызып кетуінен тұтануы немесе рөлге ие бола алмай, жанармай бекетіне соқтығысу қаупі туралы мүлде ойламаған. Полицейлер түнгі патрульдеу барысында дрифт жасаған азаматтың әрекетін дер кезінде байқап, тиісті шара қабылдады. Түсіндіру жұмысынан соң ол өз қателігін түсініп, қайталамауға уәде берді» - дейді Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Асxат Алметов.
17 қазан сағат 22:00 шамасында жанармай құю бекетінің дәл жанында көлігін шыр айналдырған азамат Жаңатас қаласы тұрғындарынан кешірім сұрап, айыппұл төлейтінін айтты.