Шұғыл26 қазаннан бастап Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың бәрінде ПТР анықтамасы болуы керек

СҚО-да бір тоннадан астам шаянды заңсыз аулағандар ұсталды

Төрт тұрғын су қоймасынан 33 қап Артемий салина шаянын жинап алған

Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында полицейлер Артемий салинаның 36 қабын тәркіледі. Бұл туралы СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көл иесі Меңгесер ауылының маңындағы су қоймасынан шаян ұрлау фактісі бойынша аудандық полиция бөліміне хабарласқан. Оқиға орнына барған полицейлер шаян жинап жатқан Бескөл ауылының төрт тұрғыны мен петропавлдық азаматты ұстады.

Оқиға орнында Артемий салина шаяндары салынған 33 қап анықталды. Тағы үшеуі жақын маңдағы ауылдағы үйден алынды.

«Ұрлық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлігі 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы бір тонна 347 келіні құрады. Шығын мөлшері 1 миллион теңгеден асты», - деді Мамлют ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Серік Әлжанов.