$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.10.2020, 17:33
Оқиғалар

Алматының бас полицейі «бірі зорлап, екіншісі видеоға түсірген» оқиғаға пікір білдірді

Таймерденов не себепті видеоға түсірген әйелдің бұл іске тек куәгер ретінде тартылғанын түсіндірді

Алматының бас полицейі «бірі зорлап, екіншісі видеоға түсірген» оқиғаға пікір білдірді
Фото: facebook

Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов «Не молчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің әлеуметтік желіде жариялаған жазбасына жауап берді.

Еске сала кетейік, Дина Таңсәрі 26 қыркүйекте Алматы қаласында белгісіз ер адамның әйелді түнгі сағат 2-ге дейін азаптап зорлап, оны жәбірленушінің құрбысы видеоға түсіргенін хабарлады. Сондай-ақ жәбірленушіні зорлаған ер адам қамауға алынғанымен, осы жағдайды видеоға түсірген құрбысы іске тек куәгер ретінде тартылғанына шағымданған.

Қанат Таймерденов «Не молчи» қорының жетекшісі жазған оқиғаға байланысты айғақ жинау жалғасып жатқанын айтты. Сондай-ақ не себепті видеоға түсірген әйелдің бұл іске тек куәгер ретінде тартылғанын түсіндіріп, оның бұл мәртебесі тергеу кезінде өзгеруі мүмкін екенін айтты.

Ал сараптама қорытындысы шыққан соң әйелді зорлаған ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша іс қозғалуы мүмкін екенін жеткізді. 

Серіктес жаңалықтары