Дәрігерлер бензин ішіп қойған баланы аман алып қалды
Қазіргі уақытта баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда
Шымкентте ата-анасы аз уақытқа тастап кеткен бала бензин ішіп қойған, деп хабарлады Otyrar.KZ басылымы.
Соның салдарынан баланың ауыз қуысын, өңешін және асқазанын күйік шалған. Оны жедел жәрдем көлігімен Т.Орынбаева атындағы қалалық гипербарикалық оксигенация орталығына жеткізген. Дәрігерлер бүлдіршінге шұғыл көмек көрсетіп, сәбидің өмірін сақтап қалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық дейді дәрігерлер.
«Бала емін жалғастырады. Токсикологтар оның жағдайын бақылап отыр. Толық қалпына келгенге дейін орталықта болады», – деді гипербарикалық оксигенация орталығының дәрігері Шерзат Октябров.
Бала қазіргі уақытта өздігінен тамақтана алады. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы жақсарса бірнеше күннен кейін ауруханадан шығарылады.