15.10.2020, 13:36
Оқиғалар
Шымкентте кәріз құдығынан әйелдің мәйіті табылды
Ол осыдан бір жылдан астам уақыт бұрын қайтыс болған
Фото: sputniknews.kz
Шымкент қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдің мәйіті 2020 жылдың бірінші қыркүйегінде Еңбекші ауданынан табылған.
«Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, әйел бір жылдан астам уақыт бұрын қайтыс болған. Мәйіттің сүйек қаңқаларында жарақат анықталмады. Жедел шаралар мәйіттің жеке басын анықтауға және қылмысты ашуға бағытталып отыр», - деп хабарлады полиция.
Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша (адам өлтіру) тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
БАҚ беттерінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, әйелдің денесі алдымен көрпеге салынып, содан кейін скотчпен оралған. Марқұм шамамен 20-30 жаста болған.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді