12.10.2020, 09:57
Оқиғалар
ШҚО-да 10 жасар қыз кір жуғыш машинаның ішіне кептеліп қалды
Дәрігерлер оның дін-аман екенін айтты
Шығыс Қазақстан облысында 10 жасар қыз кір жуғыш машинаның ішіне кіремін деп, қайта шыға алмай қалған деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Кептеліп қалған қыз баланы алып шығу үшін құтқарушыларға машинаны бөлшектеуге тура келді.
«Белый Камень ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде 10 жасар қыз бала кір жуғыш машинаның барабанына кептеліп қалған. Оқиға орнына келген құтқарушылар машинаны бірнеше бөлікке бөліп, қызды аман-есен алып шықты», - делінген аталған хабарламада.
Белгілі болғандай, қыз бала ойнап жүріп, машинаның ішіне тығылған. Алайда, өздігімен оның ішінен шыға алмапты. Үйдегі үлкендер дереу құтқарушылар мен жедел жәрдемге хабар берген. Дәрігерлер қыздың дін-аман екенін айтты.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды