Пневмониядан тағы бір адам көз жұмды
1 тамыздан бері COVID-19 белгілері бар пневмониядан 368 адам қайтыс болды
Өткен тәулікте пневмониядан тағы бір адам көз жұмды. 34 адам аталған індетті жұқтырса, соңғы тәулікте 23 адам жазылып шыққан. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Осы жылдың 1 тамызынан бері елімізде 34 909 адам пневмониямен ауырған. Оның 368-і қайтыс болса, барлығы 27 699 адам сауығып шықты.
Ал, коронавирустық инфекциядан қазіргі уақытта 3 022 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 72 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 030 науқас жатыр. 992 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы, науқастардың арасында 84 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.