Павлодарда түнде сауда үйі өртеніп кетті
Өрттің жалпы аумағы 1500 шаршы метрді құрады
Павлодарда түнде «Арай» сауда үйінен өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт 12 қазанға қараған түні, сағат 01:00 шамасында болған.
Өрт сөндірушілер келгенде төрт қабаттан тұратын ғимараттың жанып жатқаны анықталған. Қызыл жалын салдарынан сауда үйіндегі бутиктер, кеңсе үй-жайлары, ғимарат шатыры өртеніп кетті. Өрттің жалпы аумағы 1500 шаршы метрді құрады.
Өрт таңғы сағат 04.15-те сөндірілді.
«Қазір өрттен келген шығын анықталуда. Оқиға орнына жеке құрамнан 77 адам және 16 бірлік техника жетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына жарықтандыру қалқанының қысқа тұйықталуы себеп болған», - деп хабарлады облыстық ТЖД.