$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.10.2020, 22:58
Оқиғалар

ШҚО-да 7 және 15 жастағы екі қыз ыс тиіп көз жұмды

Таңертең аналары қыздарын ес-түссіз күйде тауып, бірден жедел жәрдем шақырған

ШҚО-да 7 және 15 жастағы екі қыз ыс тиіп көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында ыс тиген екі бала көз жұмды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға Секисовка ауылында болған.

2005 және 2013 жылғы екі қыз әпкесінің үйінде болған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты сол үйде қонған олар пеш жағып, жатар кезде түтіндіктің жапқышын ашуды ұмытып кеткен.

«Таңертең аналары қыздарын ес-түссіз күйде тауып, бірден жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер балаларды тексергенде екеуінің де көз жұмғаны анықталды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Мамандар болған жағдайдың себебі – пеш түтіндігі жапқышының жабылып қалуынан деген нұсқаны қарастыруда.

Серіктес жаңалықтары