$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.10.2020, 21:14
Оқиғалар

Бішкекте көтерілісшілер вице-премьерлікке үміткер Тилек Токтогазиевтің басын ұрып жарды

Жансақтау бөлімінде жатқан Токтогазиевтің жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалауда

Бішкекте көтерілісшілер вице-премьерлікке үміткер Тилек Токтогазиевтің басын ұрып жарды

Қырғыз Республикасының вице-премьер қызметіне ұсынылған Тилек Токтогазиевті басынан ауыр соққы алып, жансақтау бөліміне түсті. Оны «Ало-Тоо» алаңындағы митинг кезінде қарсыластары соққыға жыққан.  Токтогазиевтің жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалауда. Нарын облысының 34 жастағы тумасы демонстранттар алдында сөз сөйлеп, жақтастарымен  бірге әнұран айтқан еді.  

«Туғандар амансыңдар ма? Біз ынтымақты болуымыз керек. Ең бірінші қадамымыз не дегенде,  алдымен осы Ақ үйдің сыртқы қоршауын алуымыз керек. Ол қоршау 1966 жылдан бері қоршалып тұр. Бөлектеніп отырған биліктегі адамдардың көзін шел басып кетеді екен. Ол қоршау Ақаев, Бакиев, Атамбаев кезінде де алынбады. Біз билікті елге жақын қылуымыз керек. Екінші, біз сайлаудағы әділдікті талап етеміз. Олигархатар, саяси күштер ғана емес, елдің әр саласындағы адамдар Жогорку Кенешке келеді», - деген еді шерушілер алдында сөйлеген Т. Токтогазиев. 

Бүгін таңертең «Ата Мекен», «Бир Бол» және «Реформа» партиялары», «Акыркы умут» меморандумына қол қойды. Нәтижесінде олар Омурбек Бабановты премьер-министр лауазымына, ал Тилек Токтогазиевті вице-премьер қызметіне ұсынған еді.

«Біз жан-жағымызда тұрақсыз жағдай орнағанын көріп отырмыз. Сондықтан бәріміз ресми түрде біріктік. Меморандумға партия лидерлері қол қойды», - деген еді Тилек Токтогазиев.

Ол түстен кейін Үкімет үйінің алдындағы «Ало-Тоо» алаңына экс-президент Алмазбек Атамбаев, Омурбек Бабанов бастаған жақтастарымен бірге келді. Арада біраз уақыт өткен соң алаңдағы мыңдаған демонстранттарға Садыр Жапаровтың жақтастары келіп, арада қақтығыс басталды. Нәтижесінде, А. Атамбаев, О. Бабанов бастаған топ қашуға мәжбүр болды. Шерушілер Атамбаевтың көлігіне де атыс қаруымен оқ атқанымен, экс-президенттің бронды машинасы аса қатты бүлінбеген болып шықты.

«Токтогозиевтің қауіпсіздігі үшін оның қайда екенін айта алмаймын. Кейбіреулер оның үйіне келіп, өш аламыз деп айғайлады. Біз қазір ол үшін алаңдаулымыз», - депутат Эльвира Сурабалдиева.

Әмірболат Құсайынұлы, Бішкек

Серіктес жаңалықтары