09.10.2020, 17:36
Оқиғалар
Бішкекте төтенше жағдай режимі жарияланды
Төтенше жағдай режимі 21 қазанға дейін жалғасады
Фото: bbc.com
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекте төтенше жағдай режимін жариялады. Жарлыққа сәйкес, Бішкек қаласының аумағында 2020 жылғы 9 қазанда сағат 20.00-ден бастап 21 қазанда сағат 08.00-ге дейінгі кезеңге төтенше жағдай режимі енгізіледі. Ішкі істер министрінің орынбасары Алмазбек Орозалиев Бішкек қаласында төтенше жағдай режимі кезеңінде комендант (бұдан ары - Комендант) болып тағайындалды. Төтенше жағдайды қамтамасыз ету үшін Бішкек қаласында комендатура құрылады.
Жарлыққа сәйкес, қалада коменданттық сағат, азаматтардың кіруі мен шығуының ерекше режимі енгізіледі.
Жеке азаматтарға белгіленген мерзімде өз үйінен (пәтерінен) немесе уақытша тұрғылықты жерінен шығуға тыйым салынады.
Көп оқылған
16.06.2026, 10:23
«Жастары елуге таяған»: Абай облысындағы жағажайда бұтаның арасына дәрет сындырған үш әйел «Сергекке» түсіп қалған (ВИДЕО)
16.06.2026, 09:59
БҚО-да үш көлік соқтығысып, екі адам оқиға орнында көз жұмды
16.06.2026, 21:17
Саратовтан Алматыға келе жатқан жолаушылар пойызы апатқа ұшырады
16.06.2026, 17:47
«Ата-анамнан айрылып қалдым»: қазақтың қос ақыны жол апатынан қаза тапты