Мемлекетке 67 млн теңге залал келтірген Орал қаласының тұрғыны сотталды

Орал қаласының тұрғыны жалған шот-фактура жазғаны үшін сотталды

Мемлекетке 67 млн теңге залал келтірген Орал қаласының тұрғыны сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Орал қаласы тұрғынының 2017-2019 жылдар аралығында ЖШС-ны пайдаланып, іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактура жазып, сол арқылы өзінің коммерциялық кәсіпорнын салық төлеуден заңсыз босатқанын хабарлайды. Оның осы іс-әрекетінен мемлекетке келген залал көлемі 67 млн теңгені құрады.

БҚО Орал қаласы сотының үкімімен кәсіпкер ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы 2-тармағына және 216-бабының 2-бөлімінің 2-тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, сотталушымен кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалдық келісімнің жасалуы, сондай-ақ оның Қылмыстық-процестік кодексте қарастырылған келісімнің барлық шарттарын орындағанын, соның ішінде келтірілген зиянды толық өтегені ескеріле отырып, оған 6 312 500 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.