$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.10.2020, 09:57
Оқиғалар

Атырауда жасырын жұмыс істеген казино анықталды

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде

Атырауда жасырын жұмыс істеген казино анықталды
Фото: ашық дереккөзден

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Бүркіт» арнайы мақсаттағы жасағының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде “Бомонд» кафесінің VIP-залында орналасқан жасырын казино қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұйымдастырушылар өз мақсаттары үшін ойыншыларды тарту арқылы пандемия кезінде карантин режимін бұзып, казино түрінде заңсыз ойын бизнесін жасырын жүзеге асырған.

Оқиға орнын тексеру барысында арнайы кенеп, ойын карталары, «Техас Холдем» покер ойынына арналған чиптер, чиптерге арналған стендтер және т. б. қылмыс құралдары табылып, тәркіленді

Ойын фишкалары жасырын казино ұйымдастырушыларына тиесілі «Каспий Голд» карточкаларына ақша аудару арқылы сатып алынған.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 307-бабы 1-б. негізінде сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары