$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.10.2020, 10:13
Оқиғалар

Түркістан облысында балаларын ұрып-соққан ер азамат қамауға алынды

Аталған жағдайға қатысты сараптама тағайындалды

Түркістан облысында балаларын ұрып-соққан ер азамат қамауға алынды
Скриншот: instagram

Естеріңізге сала кетсек, полицейлер 4 қазан күні әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде ер адамның кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып жатқаны түскен бейнежазбаны анықтады. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеу тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі (азаптау) бойынша тіркелді.

Департаменттің хабарлауынша, сол күні күдіктінің әйелі жұбайының балаларын ұрып-соққаны туралы полицияғы арызданған. Тәртіп сақшылары тез арада жергілікті жұмыссыз тұрғынды ұстады. Ерлі-зайыптылар 2011 жылдан бері некеде екен. Екеуінің ортақ үш баласы бар. Бұған дейін әйел 2018 жылы полицияға күйеуі ұрып-соғатыны туралы ауызша айтқан, бірақ өтініш беруден бас тартқан.

«Қазір аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Ер адам қамауға алынды. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда», - делінген хабарламада.

2019 жылдың сәуірінде ол тағы да полицияға дене жарақатын салу дерегі бойынша жүгінген. Алайда, әкімшілік өндіріс әйел күйеуін кешіргендіктен медиация арқылы тоқтатылды. Содан кейін жұбайы қайтадан жауапкершіліктен құтылып кеткен.

Серіктес жаңалықтары