05.10.2020, 08:57
Оқиғалар
Қостанай облысында 17 жастағы қыз жоғалып кетті
Ол 2003 жылы үйінен шығып кетіп, содан оралмаған
Қостанай облысы Қостанай ауданының полицейлері 17 жастағы Арузат Құрманғалиеваны іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Наша Газетаға» сілтеме жасап.
«2020 жылдың 4 қазанында Полиция бөліміне Заречный ауылының тұрғынынан хабар түскен. Ол 2003 жылы 30 қыркүйекте туған қызы Құрманғалиева Арузат Әзірхановнаның үйден шығып кетіп, содан оралмағанын айтқан», - делінген аймақтағы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қыздың үстінде сұр түсті күртеше, көк джинсы, аяғында кроссовка болған. Полицейлер кәмелет жасына толмаған қыз туралы қандай да бір ақпарат білетін немесе оның қайда екенінен хабардар азаматтарды 102 нөміріне хабарласуын сұрайды.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)