Шұғыл26 қазаннан бастап Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың бәрінде ПТР анықтамасы болуы керек

Өскеменде тойға келген қонақтар мейрамхана терезесінен секіріп қашуға мәжбүр болды

Мейрамхана иелері әкімдік пен полиция қызметкерлерін ғимаратқа кіргізбей қойған

Өскемен қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының хабарлауынша, бұл жағдай 20 қыркүйекте Өскемен қаласындағы «Көкжал» мейрамханасында болған. Бұл туралы yk-news.kz хабарлайды. 

Тексеруге келген қалалық әкімдік, басқарма және полиция өкілдерін ғимаратқа кіргізбей қойған. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, алты сағат бойы мейрамханадан сыртқа ешкім шықпаған. Олар есікті меймандардың бірінің денсаулығы сыр беріп, жедел жәрдем шақырған кезде ашуға мәжбүр болған.  

«20 қыркүйекте «Көкжал» мейрамханасында Шығыс Қазақстан облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысын бұзған ұжымдық шара тіркелді», - деп мәлімдеді Өскемен қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Құралай Дузгумбаева.

Осы заңбұзушылыққа қатысты айғақ болатын, фото, видеоматериалдар тиісті шаралар қолдану үшін басшылыққа жолданған.