$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.09.2020, 12:50
Оқиғалар

Полиция Ақтөбеде оқушы қыздар арасында болған төбелеске қатысты пікір білдірді

Оқиға Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбаршы ауылында болған

Полиция Ақтөбеде оқушы қыздар арасында болған төбелеске қатысты пікір білдірді
Скриншот: видео

Ақтөбе облысында 8-9 сыныпта оқитын оқушы қыздар арасында төбелес болып, оның видеосы әлеуметтік желілерге тарап кеткен. Аталмыш жағдайға байланысты Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік беріп, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Департаменттің хабарлауынша, мектеп оқушыларының бірі 8-сынып оқушысын ұрып-соққан. Болған жағдайды оқиға орнында болған қатарластары камераға түсіріп алған. Аталған факт негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі (бұзақылық дерегі) бойынша іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр екен.

Осы оқиғадан кейін әлеуметтік желіде сыныптасын ұрып-соққан қыздардың жәбірленушінің өзінен және ата-анасынан кешірім сұрап жатқан видеосы тарады.

«Адам қатты ашуланғанда не істемейді, сондықтан мен оның шашынан сүйредім. Мен осы үшін кешірім сұраймын. Бұл менің кінәм, бәріне жауап беремін, ешкім кінәлі емес, қыздар қасымда жай жүрді. Мен оны құшақтап, кешірім сұрадым. Мені кешіріңіз, бұл ашуланғандықтан болды. Кешеден бері жылап жүрмін», - дейді қыз видеода.

Ақтөбе облысы білім басқармасы бастығының орынбасары Нұргүл Бертілеуова бұл істі облыстық білім басқармасы, полиция және прокуратура мамандары қарап жатқанын айтты.

Оның айтуынша, 20 қыркүйекте Темір ауданында Кеңқияқ ауылында көршілес үш ауылдың - Шұбарши, Саркөл және Кеңқияқтың оқушылары арасында жанжал шығып, төбелескен. Жанжалға себеп – өзара хат алмасу кезінде оқушы қыздардың бірі басқасына қаратып балағат сөз айтқан. Сосын 8, 9, 10 сынып оқушылары кездесіп, төбелес шығарған. Төбелесті видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіде жариялаған. Төбелеске барлығы 10 оқушы қатысқан, оның екеуі бір отбасының мүшесі.  

Серіктес жаңалықтары