09.11.2019, 17:16
Оқиғалар
Талдықорғанда екі жігіт такси жүргізушісін пышақтап кеткен
Олар мәйітті жолдың шетінде қалдырып, көлікті бөлшектеп сатпақ болған
Фото: ашық дереккөзден
Талдықорғанда екі ер адам такси жүргізушісін пышақтап, оны жолдың шетінде өлімші күйде қалдырып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлердің мәліметінше, бұл оқиға 8 қарашаға қараған түні болған. Екі ер адам такси жүргізушісін пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен. Ұсталғандар ұрланған көлікті бөлшектеп сатпақшы болған.
«Жүргізушіні пышақтағандардың облыс орталығынан Audi 100 көлігімен кетіп қалғаны анықталды. Көлік Үштөбеге кірер жерде табылған. Ұстауға екі патрульдік көлік жұмылдырылды. Олар Талдықорғанға жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді полиция өкілдері.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады