Ақмола облысында барымташылар ұрлық үстінде ұсталды
Полицейлер малдың иесін сиырдың құлағына салынған енінен анықтаған
Ақмола облысында барымташылар ұрлық үстінде қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметіше, 2019 жылдың 15 қазанында Астрахан аудандық ПБ кезекшілік бөліміне жергілікті кәсіпкерден өрісте жүрген 15 бас ірі қараның жоғалғаны туралы арыз түскен. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары барымташылардың жеңіл көлікпен жүргенін және өрістегі малды табыннан бөліп айдап әкеткенін анықтаған.
«Жедел іздестіру шарасы кезінде 2019 жылдың 18-ші қазанында кешкі сағат 21:00 -де Астрахан ауданының Жалтыр ауылы маңындағы орман аумағында тұрған Subaru және Volkswagen Passat автокөліктері тәртіп сақшыларының көзіне түседі. Көліктерге жақындап барған тәртіп сақшылары 27 және 33 жастағы көлік иелері мен 29 жастағы бір жолаушының үш бас ірі қараны сойып жатқанын анықтады. Осы кезде, күдіктілер қылмыстың үстінен түскен тәртіп сақшыларынан қашпақ болады. Күдіктілердің көліктерін тексеру кезінде шағын колибрлі мылтық, 3 пышақ, бала, қол арасы және есірткі шегуге арналған құрал табылды», - дейді полицейлер.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары оқиға орнынан сойылған малдың құлағындағы сырғаны тапты. Осы сырға арқылы малдың үш күн бұрын арыз берген кәсіпкерге тиесілі екені анықталды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 188 бабы бойынша (мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.