$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.09.2020, 11:52
Оқиғалар

«Бұл – қылмыстық жауапкершілік». ІІІМ Қуат Хамитовтың үндеуіне пікір білдірді

Кеше танымал спортшы Қуат Хамитов зорлық-зомбылыққа үндеген видеосы үшін полицияға жеткізілді

«Бұл – қылмыстық жауапкершілік». ІІІМ Қуат Хамитовтың үндеуіне пікір білдірді
Скриншот: YouTube

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораз танымал спортшы Қуат Хамитовтың әлеуметтік желіде жарияланған үндеуіне қатысты пікір білдірді.

«Спортшы әлеуметтік желілердің бірінде зорлық-зомбылыққа шақырған үндеу жариялады. Бұл тікелей заңбұзушылық және қылмыстық құқықбұзушылық болып есептеледі. Ішкі істер министрлігі азаматтарды жалған ақпарат таратпауға, тек мемлекеттік органдардың ресми мәліметіне сенуге шақырады. Заңды бұзған жағдайда көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік барын естен шығармау керек», - деді ол.

Еске сала кетейік, 14 қыркүйекте қазақстандық танымал спортшы Қуат Хамитов зорлық-зомбылыққа шақырған видеосы үшін полицияға жеткізілді. Қуат Хамитовтың халықты билік өкілдерінің талабына мойынсынбауға шақырған видеосы желіде көп талқыланды.  

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында азамат Қ.Хамитовтың зорлық-зомбылыққа шақырған видеосы анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қ. Хамитов Алматы қаласының Полиция департаментіне жеткізілді», - делінген Алматы ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары