$ 511.59  575.28  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.09.2020, 12:02
Оқиғалар

Көкшетауда құжаттарды қолдан жасап келген цех анықталды

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Көкшетауда құжаттарды қолдан жасап келген цех анықталды

Көкшетауда түрлі құжаттарды қолдан жасап келген жасырын цех анықталды. 41 жастағы ер адам құжаттардың түр-түрін өз бетінше жасап, сатып келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«41 жастағы ер адам орта арнаулы және жоғары білім дипломдарын, жеке куәліктер мен төлқұжаттарды, Ресей Федерациясының автокөліктеріне техникалық төлқұжаттар мен техникалық байқау құжаттарын, сондай-ақ автокөлік жүргізу куәлігінен айырылғандарға жүргізуші куәліктерін жасаған. Цехты тінту барысында ноутбук, жалған мөрлер, принтерлер мен ламинаторлар, ұялы телефондар мен флеш карталар сияқты құралдар табылып, тәркілеуге алынды», - деді Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Қазіргі уақытта аталған іс бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 385-бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған азамат 2004 жылы дәл осы бапқа сәйкес жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Полиция департаметінің мәліметінше, жыл басынан бері тәртіп сақшылары жоғарыдағы қылмыстық кодекстің 385-бабымен жүзден астам қылмыстық іс қозғаған.

Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы

Серіктес жаңалықтары