14.09.2020, 13:31
Оқиғалар
Ақтөбе облысында жол-көлік апатынан бір адам көз жұмды
Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде
Ақтөбеде облысының автожолында жол-көлік апаты юолып, жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады Polisia.kz.
11 қыркүйек күні сағат 17:10-да «Ақтөбе-Астрахань» автожолының 31 шақырымында «Деу-Нексия» маркалы автомашинаның 32 жастағы жүргізушісі Алға қаласы жағынан Бестамақ кенті бағытында келе жатып, қарсы бағытқа шығып, Алға қаласы тұрғынының басқаруындағы «Фольцваген-Пассат» маркалы автокөлікпен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Деу-Нексия» автокөлік жүргізушісі мен екі жолаушысы Алға қаласының ауруханасына жатқызылды, 39 жастағы жолаушы әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Жол апаты фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
