$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.09.2020, 12:03
Оқиғалар

Түркістанда пара беріп кезегін жылжытқан тұрғындар пәтерлерін босататын болды

Олар бұл пәтерлерді үш жыл бұрын пара беріп алған

Түркістанда пара беріп кезегін жылжытқан тұрғындар пәтерлерін босататын болды

Түркістанда тұрғындардан кезексіз алған пәтерлерді босату жөнінде тілхат алынды, деп хабарлайды Отырар.

«2017 жылдың желтоқсан айында Түркістан қаласы Отырар мөлтек ауданында жаңадан бой көтерген үйлерде пәтер алу тізімінде өз кезегін ілгерілету үшін үш тұрғын қалалық үй инспекциясы қызметкеріне пара бергені анықталған болатын. Қызметкердің іс-әрекеті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп, заңсыз іс-әрекетке бой берген тұрғындарға да шаралар көрілуде», - делінген ақпаратта.

Заңсыз іс-әрекеттер арқылы жылжымайтын мүлікке қол жеткізген азаматтарға апта басында сот орындаушылары барып, пәтерлерді босату жөнінде міндеттеме алған.

Тұрғындар бекітілген 10 күн аралығында пәтерлерді босатпаған жағдайда қосымша шаралар қабылданып, жауапқа тартылатыны жөнінде тілхатпен танысып, қол қойды.

«Ұзақ уақыт бойы қағаз жүзінде жүргізілген тұрғын үй кезегіне қою жүйесі қазіргі таңда мемлекет бойынша бірыңғай жүйеге өзгертілген. Бұл жүйе мемлекеттік деңгейде қадағаланып, қандай да күрт немесе себепсіз өзгеріс енгізу мүмкіндігін жоққа шығарып отыр. Осы себепті, кезекке өзгеріс енгізу мүмкіндігі жайлы ұсыныс айтылған жағдайда, ұсынысты алаяқтық ретінде қабылдауларыңызға және заңсыз іс-әрекеттерге жүгінбеулеріңізге кеңес береміз», - деп хабарлайды қала әкімдігі.

Серіктес жаңалықтары