Ақмолада жүріп келе жатқан көліктің тіркемесі өртеніп кетті
Ақмола облысында автожолдың бойында жүк көлігінің тіркемесі өртеніп кетті, оны жүргізушіге оқиға куәгерлері айтып ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желідегі atbasar_live парақшасында жарияланды.
«Бүгін Атбасар маңындағы тас жолдың бойында жүріп келе жатқан фураның тіркемесінен өрт шықты. Оқиға куәгері дер кезінде жүргізушіге ескертті. Барлығымыз тіркемені ағытып, фураны өрттен аман алып қалдық. Автокөлік шиналары тиелген тіркеме түгел жанып кетті», - делінген бейнежазбада.
Ақмола облыстық ТЖД мәліметінше, 7 қараша күні сағат 15:14 шамасында «Алматы-Екатеринбург» тасжолының 1260-шақырымында жүк көлігінің тіркемесі өртенгені туралы ақпарат түскен.
«Өрт сағат 16:20-да толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда», - деп толықтырды ведомстводан.