$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.09.2020, 21:29
Оқиғалар

Нұр-Сұлтанда автобус жасөспірімді қағып кетті

Әр түрлі дене жарақаттары бар 16 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілді

Нұр-Сұлтанда автобус жасөспірімді қағып кетті

Жолаушылар автобусы Нұр-Сұлтандағы рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өткен жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде оқиға орнынан кадрлар пайда болған. Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 8 қыркүйекте сағат 12.40-та болғанын растады. 

«Iveco маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі Жұбанов көшесі жағынан Кенесары көшесімен жүріп, 2003 жылы туылған кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Баланың жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерде, көлік құралының қозғалысы бойынша оңнан солға қарай өткендігі анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады полициядан. 

Әр түрлі дене жарақаттары бар 16 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары