04.09.2020, 03:48
Оқиғалар
АҚШ-та полицей тағы бір афроамерикалықты атып өлтірді
Оқиға Анотаксия әскери базасына жақын маңда болған
Фото: ашық дереккөзден
Вашингтонда полицейлер тағы бір афроамерикалықты атып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
«Оқиға орнынан қару табылды», - деді полицейлер.
Оқиға Анотаксия әскери базасына жақын маңда болған. Полицейлер қару ұстағандар отырған автокөлікке барған. Сол кезде көлік ішіндегі бірнеше адам қашып кеткен. Сол кезде полицейлердің бірі қаруын алып, азаматтардың біріне оқ атқан. Ол адам ауруханада көз жұмды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
