$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.09.2020, 02:52
Оқиғалар

Ақтөбеде санитарлық талапты бұзған кәсіпкерлерге 53 млн теңге айыппұл салынды

Оның арасында белгіленген кестеден артық жұмыс істеген қызмет көрсету орындары бар

Ақтөбеде санитарлық талапты бұзған кәсіпкерлерге 53 млн теңге айыппұл салынды
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде санитарлық талапты сақтамаған кәсіпкерлік нысандарға 53 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтемк жасап.

Оның арасында белгіленген кестеден артық жұмыс істеген дәмхана-мейрамханалар мен өзге де қызмет көрсету орындары бар. Тіпті кейбірі қызметкерлерінің дене қызуын өлшемей, жұмыс істеуіне мүмкіндік берген.

Бетперде кимеу, арақашықтық сақтамау деректері де анықталды. Облыс тұрғындарының да санитарлық талапқа салғырт қарауы тыйылмай отыр. Әсіресе, той және өзге де отбасылық мерекелерді атап өту әлі де кездеседі.

Мұндай кемшілікті соңғы екі айға жуық уақыт ішінде бақылау жұмыстарын жүргізген мобильдік топ мүшелері мен полиция қызметкерлері анықтады. Тіркелген құқық бұзушылық бойынша 500-ге жуық хаттама толтырылды.

«Ең біріншісі, бізде уақытынан көп жұмыс жасау. Яғни, белгіленген уақыты бар ғой қаулыларда. Оның ішінде, мейрамханалар да бар, дүкендер де бар, фитнес орталықтар да бар. Демалыс күндері де тыйым салынған объектілер бар. Олардың да жұмыс істеу фактілері анықталған», - дейді  облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Айсәуле Оралбаева.

Серіктес жаңалықтары