Алматыда ер адам біреудің көлігін айдап кетіп, оны өртеп жіберген

Оқиға Түрксіб ауданында болған

Алматыда ер адам біреудің көлігін айдап кетіп, оны өртеп жіберген
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда мас адам біреудің көлігін айдап кетіп, оны өртеп жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға Түрксіб ауданында болған.

«Көлік иесі дүкенге кіріп кеткенде, 26 жастағы мас адам соны пайдаланып көлікті айдап кеткен. Біраз уақыттан соң көлік сол маңайдан табылды. Ұры оны өртеп жіберген. Өрт қоймас бұрын көліктің қозғалтқышын, аккумуляторын, басқа да бөлшектерін шешіп алған. Күдікті көп ұзамай ұсталды. Оған қатысты қазір Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Түрксіб аудандық ПБ бөлім басшысы Ерлан Аянбаев.

Ал көліктен ұрланған қосалқы бөлшектер иесіне қайтарылды.

Полицейлер жыл басынан бері көлік ұрлау қылмысы 2,1 есеге азайғанын айтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.