$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.09.2020, 10:51
Оқиғалар

Өткен тәулікте елімізде 3 бала терезеден құлап кетті

Барлық жағдайда да балалар қараусыз қалған

Өткен тәулікте елімізде 3 бала терезеден құлап кетті
Фото: ашық дереккөзден

2 қыркүйекте еліміз бойынша 3 бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.      

Нұр-Сұлтан қаласында Нәжімеденов көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйде бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен, 2016 жылы туған бала құлап кетті. 4 жасар бүлдіршін алған жарақаттары салдарынан ауруханада көз жұмды.

Ақтауда бес қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2017 жылы туған бала бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Үшінші жағдай Павлодар облысының Қалқаман ауылында болды. Төрт қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2016 жылы туған бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Ол қазіргі уақытта ауруханада жатыр.

Көптеген жағдайларда балалардың құлауы балаларды ата-анасының қараусыз қалдыруы және жақын маңдағы ересектердің немқұрайлы қарауы себебінен болады.

ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті осындай жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін азаматтарға ескертеді:

  •  Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз;
  •  Москит торларына сенбеңіз. Олар құлап кетуден қорғауға арналмаған;
  •  Үйді желдету кезінде баланың қауіпсіз жерде екеніне көз жеткізіңіз;
  •  Барлық жиһазды, төсекті терезеден алысырақ қойыныз. Бұл баланың терезеге шығып кетуінің алдын алуға көмектеседі.
Серіктес жаңалықтары