Қостанай облысында 30 тонна қарбыз тиеген КамАЗ аударылды

Зардап шеккендер мен адам шығыны жоқ

2 қыркүйекте Қостанай ауданының полиция бөліміне Ульяновское елдімекеніне 15 шақырым жердегі Рудный – Қашар автожолында 3 автокөлік зардап шеккен жол-көлік оқиғасы болғанын хабарланған. Бұл туралы alau.kz хабарлады.

Оқиғаның анық-қанығын анықтау барысында, Volkswagen Polo маркалы автокөлік мінген 51 жастағы жүргізушінің Рудный – Қашар автожолымен Федоров ауданына қарай бет алып, жолда КамАЗ көлігін басып озбақшы болғанда қарсы бетте келе жатқан Ford маркалы автокөлікке соқтығысқаны анықталды. Содан кейін қарсы бағытта келе жатқан 32 жастағы авто иесі КамАЗ көлігіне барып соққан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 30 тонна қарбыз тиеген КамАЗ көлігі жолдың жиегіндегі жыраға қарай аударылып кеткен. Қазір осы жағдайға байланысты қажетті материалдар жиналып жатыр. Зардап шеккендер мен адам шығыны жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.