$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.09.2020, 09:19
Оқиғалар

Маңғыстауда туристердің көлігі өртеніп кетті

Әйел мен оның баласы туристер тобынан бөлек кетіп қалған

Маңғыстауда туристердің көлігі өртеніп кетті

Маңғыстаудағы Үстіртте әйел мен оның кәмелетке толмаған ұлы жоғалып кетті, деп хабарлайды «Лада».

Олар туристер тобынан бөлек кетіп қалған. Әйел қорыққа бұған дейін келмеген болса да, ұйымдастырушылардан бөлек, өз беттерінше жүруді қалаған.  

Топ мүшелері үңгірде кездесеміз деп келіседі. Алайда әйел уағдаласқан жерге келмейді. Туристер әйел мен ұлын өздері іздей бастады. Оларға джип-тур ұйымдастырушыларының екі көлігі де көмекке келеді.

Жоғалған екі адамды тоғыз сағат бойы іздеген туристер тобы Жаңаөзенге жетіп, полицияға хабар береді. Кейін операцияға полиция, шекарашылар мен қорықшы қосылды.

Екінші күні кешке тур ұйымдастырушылары мен қорықшы жоғалған туристерді іздеп тапты. Олардың көлігі өртеніп кеткен екен.

Табылған отбасы құтқаруға атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.  

Серіктес жаңалықтары