29.08.2020, 23:33
Оқиғалар
Павлодарда бес қабатты үйден өрт шығып, 50-ге жуық адам эвакуацияланды
Оның ішінде 7 бала бар
Фото: pavlodarnews.kz
Павлодар қаласында бес қабатты үйдегі пәтерде ағаш құрылғылар жанған, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
«28 тамыз күні сағат 01.24-те Павлодар қаласы, Академик Бектұров көшесі, 111 мекенжайында бес қабатты үйде өрт шыққаны туралы қоңырау түсті. Бірінші қабаттағы пәтерде үй заттары, жиһаздар, терезенің ағаш жақтаулары отқа оранған. Жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған», - деп жазылған ақпаратта.
ТЖД қызметкерлері подъезден 47 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялаған. Оқиға орнына 17 қызметкер мен 5 техника барған. Зардап шеккендер жоқ.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді