29.08.2020, 22:58
Оқиғалар
Швецияда белсенділер Құранды өртеп жіберді
Мальме қаласында жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр
Фото: stv.se
Швецияның Мальме қаласында антиислам белсенділері Құранды өртеп жібергеннен кейін жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі STV телеарнасына сілтеме жасап.
«Белсенділер Құран кітапты өртеп жібергеннен кейін, видеоны әлеуметтік желіге жариялаған. Содан кейін жүздеген адам көшеге шығып, жол қозғалысын бөгеді. Жаппай тәртіпсіздік 28 тамыз күні басталды. Наразылыққа шыққандар тәртіп сақшыларына тас лақтырып, көліктеріне зақым келтірген», - деп жазылған телеарна сайтында.
Телеарнаның хабарлауынша, әзірге жиырмаға жуық адамның қамауға алынғаны белгілі.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді