Павлодарда орталық көшелердің бірінде көлік шұңқырға түсіп кетті
Бұған жол жөндеп жатқандардың жауапсызыдығы себеп болған

Павлодарда орталық көшелердің бірінде келе жатқан көлік шұңқырға түсіп кеткен. Көлік жүргізушісі аман. Полицейлердің айтуынша, бұған жол жөндеп жатқандардың жауапсызыдығы себеп болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Полицейлердің айтуынша, көлік жүргізушісінің ішімдік ішкені анықталған. Сонымен қатар оның шұңқырға түсіп кетуіне жол белгілерінің дұрыс орнатылмауы да себеп болған.
«Аталған факт бойынша тексеру жүргізілді. 25 жастағы көлік жүргізушісі рөлде мас болған. Оған қатысты полицейлер әкімшілік іс қозғады. Ол жауапқа тартылатын болады», - деді Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанна Біләлова.
Ал жолға арнайы жол белгілерін орнатпаған мердігерге 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.