$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.08.2020, 16:45
Оқиғалар

Қостанайда мектеп оқушысын әңгімеге тартқан ер адамның жеке тұлғасы анықталды

Департаменттің хабарлауынша, 57 жастағы ер адам бұрын-соңды қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған

Қостанайда мектеп оқушысын әңгімеге тартқан ер адамның жеке тұлғасы анықталды
Фото: alau.kz

Жақында қостанайлық тұрғындар белгісіз ер адамның мектеп жасындағы қыз балаға жақындап, әңгімеге тартқанын айтып, әлеуметтік желіге жариялады. Белгісіз ер адамды сыртынан фотоға түсіріп алған ерлі-зайыптылар адамдарды сақ болуға шақырып, бұл жағдайды WhatsApp мессенджері арқылы таратқан.

Қостанай облысының Полиция департаменті куәгерлердің күдігі бойынша белгісіз ер адамды іздеуге кірісіп, оның жеке басын анықтағанын хабарлады.

«Жақында әлеуметтік желілерде белгісіз ер адамның 13 жастағы мектеп оқушысын әңгімеге тартып, сөйлескен туралы жазба жарияланды. Мәселенің анық-қанығына жету үшін бұл жағдай тіркеуге алынды. Сол күні полиция 57 жастағы қостанайлық тұрғынның жеке тұлғасын анықтады», - деп хабарлайды облыстық департаменттің баспасөз қызметі.

Департаменттің хабарлауынша, куәгерлердің күдігіне ілінген ер адам бұрын-соңды қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Сондай-ақ бұл факт бойынша полицияға ешкім шағымданбаған.

Жиналған дәлелдемелер мен куәгерлердің айғақтары бойынша, ер адам тарапынан заңға қайшы шығу әрекеті болмаған. Полиция департаментіндегілер мессенжерлерде таралған видео авторына азаматтық ұстанымы мен қырағылығы үшін алғысын білдірді.

Серіктес жаңалықтары