$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.08.2020, 15:34
Оқиғалар

СҚО-дан Ресейге аса ірі көлемде есірткі алып өтпек болған РФ азаматы ұсталды

Күдікті көлікті мас күйде жүргізіп күдікке ілінген

СҚО-дан Ресейге аса ірі көлемде есірткі алып өтпек болған РФ азаматы ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысының «Қарақоға» шекара бекетінің сақшылары аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасының жолын кесті. 1967 жылы туған Ресей азаматы «Toyota Land Сruiser» көлігімен 397,35 грамм гашишті көрші елге өткізбекші болған, деп хабарлайды, Azattyq Rýhy тілшісі.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мамандарының М.Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе ашқан дерегі Қазақстан Республикасы ҚК 286-бабы 4-бөлігі «Контрабанда» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Баптың санкциясы 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды немесе мүлікті тәркілеумен өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді. Қазіргі уақытта ол есірткілік масаң күйде рөлде отыруына байланысты 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңін өткізді. Жедел-профилактикалық іс-шараның мақсаты – есірткі мен психотроптық заттардың заңды айналымын бақылау. 5 күн бойы полицейлер медициналық және фармацевтикалық мекемелерде құрамында есірткі құралдары бар препараттарды сақтау, сатып алу және жою ережелерінің қаншалықты қатаң сақталғанын тексерді. Бұл салада заңбұзушылықтар анықталған жоқ.

«Коронавирус пандемиясының жағдайы операцияның қорытындысына әсер етті. Есірткі саудасымен күресетіндер алғаш рет өз жұмысында медициналық бетперделерді заңсыз сату сияқты заңбұзушылықты кездестірді. Бетперделер медициналық өнімге жатады, оларды тауардың тиісті сақталуын қамтамасыз ететін дәріханаларға сату рұқсат етілген. Заңсыз сатудың 12 фактісі және дәріханаларда бағаны көтеріп сатудың 2 фактісі анықталды», - деп атап өтті СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Иван Терзиди.

Жалпы, іс-шара аясында 3 қылмыстық құқықбұзушылық анықталып, 538,76 грамм есірткі, оның ішінде гашиш, марихуана және көкнәр сабағы тәркіленді. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 226 келіден астам түрлі есірткі заттарын анықтады.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары