Жамбыл облысында 22 келіден астам есірткі табылды
Оның 1 келісі гашиш және 21,5 келісі кептірілген марихуана
Жамбыл облысында 22 келіден астам есірткі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 12 тамызда «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальонымен бірлесіп, Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолында Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында Тея есімді қызметтік иттің көмегімен 31 жастағы жүргізуші мен 33 жастағы жолаушы-Өскемен қаласының тұрғындарынан 1 келіден астам гашиш және 21,5 кг-нан астам кептірілген марихуана табылды.
«Ұсталғандар Қордай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» делінген хабарламада.