$ 518.53  588.17  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.08.2020, 22:22
Оқиғалар

16 миллион теңгесі бар сейфті Алматыдағы кеңселердің бірінен ұрлап кетті

Қаскүнемнің бұл қылмысқа небары 10-ақ минуты кеткен 

16 миллион теңгесі бар сейфті Алматыдағы кеңселердің бірінен ұрлап кетті

Алматыда 37 жастағы ер адам ғаламтор-дүкеннің кеңсесінен сейфті ұрлады, онда 16 миллион теңге болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қаскүнемнің қылмыстық жоспарды жүзеге асыруы үшін небары 10 минут уақыты кеткені анықталды. 

«1983 жылы туған М.есімді азамат таңғы бестерде кеңсенің алдыңғы есігінің құлпын сындырып, ішке кіріп, сол жерден кішкене өлшемді темір сейфті алып кеткен. Осы қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды, оның қызметкерлері күдіктіні анықтады. Айтпақшы, бейнебақылау камералары бұл жолы жақсы көмек болды. Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта ұрланған қаражатты сақтау орнын анықтауға бағытталған шаралар кешені жүргізілуде, олар кейіннен ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қаралған қылмыстық іс материалдарына тіркеледі», – деді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.
 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #ұрлық