$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.08.2020, 10:30
Оқиғалар

Алматы облысының бас санитар дәрігеріне қатысты тәртіптік іс қозғалды – Агенттік

Ерғали Сыдыманов 12 тамызда облыстың бас санитар лауазымына тағайындалған

Алматы облысының бас санитар дәрігеріне қатысты тәртіптік іс қозғалды – Агенттік
Скриншот: YouTube

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың Талдықорған тұрғындарымен кездескені жайлы видеоға айрықша назар аударып, лауазымды тұлғаның мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексіне жат қылық көрсеткенін мәлімдеді.

«ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік іс қозғап, оны кейіннен Әдеп жөніндегі кеңесте қарау тапсырылды», - деп жауап берді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ресми өкілі Ерхан Тәткен.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да осы мәселеге назар аударып, Ерғали Сыдымыновқа қатысты қызметтік тексеру жүргізуді бастауды тапсырды.

Еске сала кетейік, Ерғали Сыдыманов 12 тамызда Алматы облысында Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жаңа басшысы болып тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары