$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.08.2020, 10:12
Оқиғалар

Ақмола облысында жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырған 4 азамат ұсталды – ҰҚК

Олардың үшеуі – Қазақстан азаматы, біреуі – шетелдік

2020 жылғы 30-31 шілдеде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Экономикалық тергеу департаментімен және ҚР Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан жасағының «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп жүргізген арнайы операциясы нәтижесінде, Қазақстан Республикасының үш азаматы мен бір шетелдікті ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.

«Күдіктілердің Ақмола облысының аумағында кейіннен Нұр-Сұлтан қаласында таратылған психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ұйымдастыруға және оның жұмыс істеуіне қатысы бар. Есірткіні сату осы мақсатта құрылған Интернет желісінің «Deep Web, Darknet» көлеңкелі сегментінің платформасында «қойылма» деп аталатын жолмен жүзеге асырылған», - делінген ҰҚК ресми сайтында.

Тінту барысында есірткі мен психотроптық заттар, сондай-ақ оларды жасау кезінде қолданылатын химиялық реагенттер мен жабдықтар табылған. Ұсталған адамдар ҚР ҰҚК тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары