12.08.2020, 16:38
Оқиғалар
Шымкентте 2,5 ай бұрын жоғалып кеткен жеткіншек қыз Қаскелеңнен табылды
Оның ұзақ уақыт бойы немен айналысқаны белгісіз
Шымкенттік полицейлер осыдан 2,5 ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен жеткіншек қызды Алматы облысының Қаскелең қаласынан іздеп тапты, деп хабарлайды Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Шымкенттегі Абай аудандық полиция басқармасына қыздың анасы арызданған. Тәртіп сақшылары оны қала аумағынан таба алмаған соң, республиканың барлық өңіріне бағдар жіберіп, іздеу салды. Іздеу жұмыстары тек жуырда ғана нәтижесін беріп, полицейлер қызды анасына аман-есен табыстады.
Жоғалған қыздың Қаскелеңде кіммен бірге тұрғаны және не істегені әзірге айтылған жоқ. Оның анасы полицейлерге алғысын білдірді.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты