$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.08.2020, 16:52
Оқиғалар

Қарағандыда карантин кезінде жұмыс істеген массаж салондары анықталды

Барлық фактілер Орталық полиция бөлімінде тіркелді

Қарағандыда карантин кезінде жұмыс істеген массаж салондары анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Қарағандылық полицейлер бірнеше сағат ішінде карантин режимін бұзған екі массаж салоны мен саунаны анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

12 тамызда шамамен, сағат 00:25-те Қарағанды қаласының Полиция басқармасына массаж салоны туралы ақпарат түскен. Тексеру барысында массаж салонында қызметкерлер мен тұтынушылардың болғаны анықталды. 

«Полицейлер салонның жұмыс істегенін және тұтынушылардың болғанын тіркеген, факт дәлелденді. Шамамен, сағат  4:25-те Гудермесская көшесі бойынша саунада дабыл жүйесі іске қосылды. Тексеріс барысында аталған мекеменің қызметкерлері мен тұтынушылары ұсталды», - делінген хабарламада.

Барлық фактілер Орталық полиция бөлімінде тіркелді. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары