$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.08.2020, 15:53
Оқиғалар

СҚО-да болған жол апатынан екі адам қаза тапты

Көлік жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында көз жұмған

СҚО-да болған жол апатынан екі адам қаза тапты
Фото: СҚО полиция департаменті

Солтүстік Қазақстан облысында екі адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізілуде.

11 тамыз күні сағат 15:20-да Қызылжар ауданы Пеньково ауылының маңындағы Челябі – Новосібір жолында «Toyota Camry» көлігі «КамАЗ» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. «Toyota Camry» жүргізушісі (Мағжан Жұмабаев ауданының 62 жастағы тұрғыны) мен жанындағы жолаушы (63 жаста) алған жарақатына байланысты оқиға орнында көз жұмған. Ал «КамАЗ» жүргізушісі (56 жастағы Булаево қаласының тұрғыны) жол-көлік оқиғасынан зардап шекпеген.

СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, жол-көлік оқиғасы фактісі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша енгізілді. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалып, іс жүргізілуде.

Жыл басынан бері СҚО-да 98 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 13 адам қайтыс болып, 129-ы жарақат алды. Полицейлер барлық көлік жүргізушілеріне Жол қозғалысы қағидаларын қатаң ұстану қажеттігі туралы ескертеді.

Серіктес жаңалықтары