Қарағандыда шаян аулап, 20 млн теңгеге сатпақ болған сегіз азаматтың екеуі түрмеге түсті

Полиция 2,5 тонна шаянды тәркіледі

Қарағандыда шаян аулап, 20 млн теңгеге сатпақ болған сегіз азаматтың екеуі түрмеге түсті
Фото: полиция

Қарағанды облысында шаян аулаған сегіз азаматтың екеуі изоляторға қамалды. Олар аулаған 2,5 мың келі шаянның құны 20 млн теңгеге жеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметіне сүйенсек, бұл факт Приозерск қаласында тіркелген. Жедел тергеу кезінде заңсыз ауланған 2,5 мың тоннадан астам шаян табылған. Күдіктілерді Қарағанды облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері мен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тапқан. 

«Приозерск қаласында 23 пен 50 жас аралығындағы сегіз адам ұсталды. Олар заңсыз шаян аулап, аса ірі мөлшерде сатқан. Браконьерліктен түскен заңсыз ақша 20 млн теңгеге жеткен», - деп хабарлайды полиция департаменті.

Дереккөзге сүйенсек, сегіз адамның екеуі изоляторға қамалған.

Айта кетейік, жазда Балқаш қаласының соты заңсыз балық аулаған жігітті 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырған.