Көкшетау орталығындағы үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді
Көкшетау қаласының орталығындағы жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sinegor.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде оқиға куәгерлері түсірген бейнежазбалар тараған. Кадрларда тұрғын үй ауласындағы жасанды жабынның үстінде адамның жатқаны көрінеді. Оқиға орнына полиция мен құтқарушыларды қоса алғанда, шұғыл қызмет өкілдері келген.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамның қаза тапқанын растады.
«13 қарашада Көкшетаудағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне қол жұмсаған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді полиция.
