Шымкентте жылқысын көлігінің айнасына байлап алып, «қинаған» ер адамның үйіне полиция келді (ВИДЕО)

Полиция бұл әрекетті «жануарға қатігездік таныту» деп таныды

Шымкентте жылқысын көлігінің айнасына байлап алып, «қинаған» ер адамның үйіне полиция келді (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Әлеуметтік желілерде Шымкенттегі бір оқиғаның видеосы тарады: бейнежазбада көрініп тұрғандай, ер адам жылқысын көлігінің айнасына байлап алып, оны қатты жылдамдықта жетектеген. Бұл видео полицияның назарын аударды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шымкент қаласының полиция департаменті хабарлағандай, көлік иесінің жеке басы анықталып, ол жазаланған. Бір қызығы, полиция келіп кеткеннен кейін ер адам жылқысына мейірім танытқан.

«Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, құқық бұзушының жеке басын анықтады. Тексеру барысында жылқыдан ешқандай жарақат анықталған жоқ. Оқиғаға байланысты азамат жануарларға қатыгездік көрсету және оларды тасымалдау қағидаларын бұзу деректері бойынша жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлайды Шымкент қаласының полиция департаменті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында егде жастағы ер адамды да полиция ұстап әкеткен еді.