14.10.2026, 23:19
Оқиғалар
Ақмола облысындағы көлден зейнеткердің мәйіті табылды
68 жастағы ер адам Жарлыкөлге балық аулауға кетіп, үйіне оралмаған. Оның мәйіті екі метр тереңдіктен табылды
Фото: istockphoto.com
Ақмола облысында балық аулауға кетіп, үйіне оралмаған 68 жастағы ер адамның мәйіті көлден табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Зейнеткер Жарлыкөлге балық аулауға кеткен. Кешке үйіне оралмаған соң, туыстары алаңдап, көмекке жүгінген.
Ер адамды іздеуге полицейлер, құтқарушылар және маңайдағы ауылдардың тұрғындары қосылған.
Көл жағасынан шамамен 100 метр қашықтықта жоғалған адамның резеңке қайығы табылған. Оның ішінде етігі мен бас киімі болған.
Сүңгуірлер балықшының мәйітін келесі күні таңертең судың екі метр тереңдігінен тапты.
Белгілі болғандай, ер адам балық аулауға құтқару кеудешесін кимей шыққан.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады